jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Бокстан Өзбекстанның бас бапкері Мырзағали Айтжановқа сыйлық жасады (видео)

    Мырзағали Айтжанов пен бапкерлер құрамы
    Мырзағали Айтжанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Өзбекстанның бас бапкері Тулкин Киличев Ташкентте өткен әлем біріншілігінде Мырзағали Айтжановқа сыйлық жасаған.

    Бұл туралы Қазақстанның бас бапкері Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Тулкин Киличев байрақты бәсеке кезінде өзбектің ұлттық киімін иғына жапқан.

    "Бұл финалдың алғашқы күні болған жағдай. Мен де оларды құттықтадым. Өзбек жаттықтырушылары да құрмет көрсетті. Тулкин Киличев жас болса да әлемдегі ең үздік бапкер болып саналады. Кезінде өзімізге іні болып, былайша айтқанда шәкірт болып жүрген", - деді Мырзағали Айтжанов.

    Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен  әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауовты, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдағанын жазған едік.

    Бокстан Өзбекстанның бас бапкері Мырзағали Айтжановқа сыйлық жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.