jitsu gif
Спорт

    Рақышев әлем чемпионатында жүлде алған боксшылардың аналарына 2 млн теңгеден берді (фото)

    Кеңес Рақышев
    Кеңес Рақышев және отандық боксшының анасы. Фото: KAZ.NUR.KZ тілшісі

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген боксшылардың ата-аналарына 2 млн теңгеден берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ол бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Ташкентте жүлде алған боксшылардың ата-аналарына да сыйын көрсетті.

    Кеңес Рақышев
    Ортада Кеңес Рақышев. Фото: KAZ.NUR.KZ тілшісі

    Сонымен қатар Кеңес Рақышев Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкеріне темір тұлпар мінгізді және 25 мың доллар сыйақы берді.

    Айта кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем біріншілігін қорытындылаған еді.

    Өзбекстан астанасындағы байрақты бәсекеде ұлттық құраманың бес боксшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай чемпион атанса, Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан жеңіліп, екінші орынды қанағат тұтты.

    Рақышев әлем чемпионатында жүлде алған боксшылардың аналарына 2 млн теңгеден берді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.