Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суына у қосып қойған": Қанат Исламның досы боксшыға қастандық жасалғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Қанат Ислам сұхбат барысында
Қанат Ислам. Фото: "Хабар" арнасы

Танымал боксшы Қанат Исламға қастандық жасалмақ болған. Бұл туралы оның досы Дархан Мұхтарбекұлы "Алғашқы" жобасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қанат екеуміз 2019 жылдың басында таныстық. Екеуміз араласып жүргенде Қанаттың бокс мансабының болашағы бұлыңғыр екені байқалды. Жақсы дос болып, араласып жүрген соң, Қанатқа қалай пайдамды тигіземін деп ойладым. Бір күні жақсы ой келді. Мүмкін, елімізде команда құрып, Қанаттың мансабын әрі қарай елде жалғастыру туралы ойлар келді.

Екеуміз осы жайлы сөйлесіп, бірауыздан келісіп, елде жарыс өткізетін болып шештік. Екінші жарысымызды ұйымдастыру барысында көптеген адам кедергі келтірді. Тіпті, еліміздегі танымал тұлғаның өкілі келіп, осы жарысты ұйымдастырмау керектігін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен кезі де болды. Батырымыздың суына у қосып, Қанатқа қастандық жасалды. Бұл қастандық біз үшін өте ауыр жағдай болды", - дейді Дархан Мұхтарбекұлы.

Қанат Ислам бұл жағдайды кейін талдау барысында анықтағанын айтады.

"Өмірде түрлі жағдай болады. Бар адамның сені жақсы көруі міндетті емес. Маған танымал тұлғалардан хабарласа бастады. Артқа қайтатын жол жоқ еді. Содан кейін неше түрлі ойындар басталып кетті де, Америкаға барып жаттығуды жөн көрдім. Өзім сылтау айтқанды ұнатпаймын. Бірақ қан тапсырған соң, анализден шықты барлығы. Мен жекпе-жек кезінде қарсыласымды бір соққымен ұрған соң, оның аяғы теңселіп кеткенін байқадым. Оны видеодан да көре аласыздар. Ал кейін оған соққы жасайын десем, денем сезілмейді. Содан артқа шегініп, қорғануға мәжбүр болдым. Бос қолым", - деді боксшы.

Айта кетелік, бұған дейін Қанат Исламның жұбайы екеуінің таныстығы мен тойы туралы кеңірек баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2023385-suyna-u-qosyp-qoigan-qanat-islamga-qastandyq-zasalgany-belgili-boldy/