Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір көргенде ұнатпадым": Қанат Исламның әйелі күйеуімен алғаш кездескен сәтін еске алды

Опубликовано:

Гүлмира Ислам сұхбат барысында
Гүлмира Ислам. Фото: "Хабар" арнасы

Қанат Ислам "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында қонақ болды. Бағдарлама барысында боксшының әйелімен таныстығы туралы сөз қозғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанат Ислам мен жұбайы Гүлмира Ислам осыдан он жыл бұрын шаңырақ көтерген. Екеуі бүгінде алты бала тәрбиелеп отыр.

Гүлмираның айтуынша, ең алғашқы кездесуде болашақ жары өзіне қатты ұнай қоймаған.

"Жолдасыммен алғашқы кездесуіміз цирктің алдындағы саябақта өтті. Ол бірінші кездесуге кешігіп келді, 15 минуттай күтіп тұрдым. Бір көргеннен ұнатпадым. Екінші кездесуде мен ойлағандай жігіттің бір бейнелері көріне бастады. Менің ата-анамның, ағаларымның көңілінен шыққандықтан, бізге үлкен кісілер батасын беріп, үйленуге рұқсат етті. Бір айдан соң қазақтың салт-дәстүрімен сырға салып, құда түсті", - дейді Гүлмира.

Өкінішке қарай, боксшының үйлену тойына оның Қытайдағы ата-анасы келе алмаған. Олардың тойға қатыса алмауына виза мәселесі себеп болады.

"Сырға салып болған соң, екі-үш күнге дейін маған хабарласпады. Мен де хабарласпадым, қыз болған соң назданасың ғой. Спортшының жарына ең қиын нәрсе - күту. Ол кісі жарысқа дайындалғанда үйдің тыныштығы мен балалардың саулығы да ең маңызды нәрсе. Қазір сол күннен бері он жыл өтті. Алты баланың ата-анасы атандық. Екеуміз бірге бақытты ұл-қыздарымызды өсіріп келе жатырмыз", - дейді Гүлмира Ислам.

Ал Қанат Ислам сүйіктісін алғаш көргенде-ақ, оған үйленетінін түсінген.

"Бір көргенде-ақ айттым. "Менің әйелім осы екен", - дедім. Әлі көрмесем де, сөйлеспесем де, алатыныма сендім. Маған не сенім бергенін білмеймін. Алла әр нәрсені солай әкеледі екен", - деді боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2023381-bir-korgende-unatpadym-qanat-islamnyn-aieli-kuieuimen-algas-kezdesken-satin-eske-aldy/

pixel