Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарих кабинетінде дайындалдық": Махмұд Сабырхан туған ауылында боксты қалай бастағанын айтып берді

Опубликовано:

боксшы
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан спортпен алғаш айналысқан кезін еске алды. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен Маятас деген ауылда тұрамын. Ол жерде спорт мүлде болмаған. 2012 жылы бізге үлкен мектеп салынған болатын. Қазіргі жеке бапкерім Ілияс Оралбеков сол мектепте дене шынықтырудан сабақ берді. Мектебімізде тарих кабинеті бос тұратын.

Директор сол жерге екі груша мен бокс қолғаптарын алып берді. Содан соң ағайымыз ауылдағы спортқа қызығатын барлық баланы жинап әкелді. Осылайша, боксқа деген қызығушылық басталып, ағайымыздан бәрін үйреніп, осындай дәрежеге жеттік.

Әкем де күреспен айналысқан. Үйіміз қырдың астында болатын. Бізді жүгіртіп, дайындалатын едік. Кейін мектептегі үйірмеге қатыстым. Осыдан екі жыл бұрын финалда ұтылып, алтынға бір қадам қалғанда ұтылған едім. Содан соң осы есені қайтарамын, әлем чемпионы боламын деген мақсат қойдым", - деді Махмұд Сабырхан.

Еске сала кетейік, Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем біріншілігінде 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, чемпион атанған болатын.

Ол финалда өзбекстандық Ойбек Жураевтан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2023587-tarix-kabinetinde-daiyndaldyq-maxmud-sabyrxan-tugan-auylynda-boksty-qalai-bastaganyn-aityp-berdi/

pixel