jitsu gif
Спорт

    Геннадий Головкин барлық чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

    Геннадий Головкин барлық чемпиондық белбеулерінен ресми түрде айырылды. Бүгін GGG-де қалған соңғы белдікті IBO бос деп жариялады, деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Даңқты қазақстандық боксшы IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдігінен ресми түрде бас тартты. Бұл Головкинде қалған жалғыз белдік болатын.

    Бүгін Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин аталған чемпиондық белдіктің бос екенін мәлімдеді.

    Айта кетелік, бұған дейін Геннадий Головкин WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белдіктерден бас тартқан еді. Осылайша, қазақстандық ардагер боксшы бұдан былай әлем чемпионы саналмайды.

    Геннадий Головкин кәсіби бокста 45 кездесу өткізіп, 42 кездесуде жеңіске жеткен.

    Геннадий Головкин барлық чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.