jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Артқы планда болған қызық емес": Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға қандай жағдайда оралатынын мәлім етті

    Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңда
    Абылайхан Жүсіпов. Фото: kfb.kz

    Боксшы Абылайхан Жүсіпов қандай жағдайда ұлттық құрамаға қайта оралатынын айтты. Бұл туралы Qazaq Ring жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Соңғы кезде әуесқой бокска қайта келесің бе деп сұраушылар көп. Әрине, ұлттық құраманы сағынамын. Бірақ бәрі менің қолымда емес қой. Біріншіден, кәсіби бокстағы промоутерлік компаниямен келісім-шартым бар. Екіншіден, Қазақстан бокс федерациясы бар. Үшіншіден, мен сынға түскен 69 келі қазір екіге бөлінді - 67 және 71 келі болды. 67 келіде Дулат Бекбауов күміс алса, 71 келіде Асланбек Шымбергенов чемпион атанды.

    Егер менің көмегім керек болып жатса ғана, келемін. Ал егер көмегім керек болмаса, артқы планда үшінші нөмір болып жүру маған қызық емес. Егер менің көмешім қажет болып, федерациядан сұраныс келсе және менің промоушенім рұқсат берсе, қуана-қуана келер едім", - деді Абылайхан Жүсіпов.

    Абылайхан Жүсіпов 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы. Әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021).

    2017 жылғы Азия біріншілігінің күміс медаль иегері.

    "Артқы планда болған қызық емес": Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға қандай жағдайда оралатынын мәлім етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.