jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жалақым - мың доллар": танымал боксшы Қазақстанды тастап, неліктен Бахрейнге кетті

    Азат Махметов
    Азат Махметов. Фото: Qazaq Ring

    Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Азат Махметов бүгінде Бахрейн намысын қорғап жүр. Qazaq Ring подкастына сұхбат берген боксшы неліктен мұндай шешім қабылдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әрине, мен де басқа елдің емес, өз елімнің туын көтергім келеді. Бірақ боксшының мансабы ұзақ емес. Ақша тауып та, арманыңды жүзеге асырып та үлгергің келеді. Шетте жүрсем де, жаным қазақ.

    Мен 2012 жылы ұлттық құрамаға қабылдандым. Олимпиадан кейін мықты боксшылардың бірі Ілияс Сүлейменовтан финалда ұтылып, ел чемпионатында алғашқы үштікте жүрдім.

    Сәкен Бибосынов менің салмағымда бірінші нөмір атанып, Олимпиадаға қатысатын болды. Сол кезде мен басқа мүмкіндіктер іздей бастадым.

    Бұл кезде 29 жаста едім. Ең үлкен арманым - Олимпиада ойындарына қатысу еді. Біз Токиоға үлгереміз деп ойладық. Ағам Бахрейнмен сөйлесіп қойды. Бірақ карантинге байланысты лицензиялық турнирді кейінге шегерді. Содан бұл ұсыныс сол күйі қалып қойды.

    Олимпиададан соң бір жылда дайындалмадым. Мансабымды аяқтап та қойғамн. Сол кезде Бахрейн тарабы хабарласып, мені өз қатарларына қосты. Келісімшарт жасастық", - дейді боксшы.

    Азат Махметов Бахрейнде сынға түссе де, оның отбасы Астанада тұрады.

    "Бахрейн құрамасындағы жұмысым үшін мың доллар жалақы аламын. Егер Олимпиадаға лицензия алсам, олар айлығымды көбейтеді. Менде қазір басты мақсат - Париж Олимпиадасына жолдама алу, арманымды орындау", - дейді Махметов.

    "Жалақым - мың доллар": танымал боксшы Қазақстанды тастап, неліктен Бахрейнге кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.