jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Елорда кубогі": Астанадағы ірі турнирде топ жарғандар қанша сыйақы алады

    боксшы
    Асланбек Шымбергенов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Астанада бокстан "Елорда кубогі" турнирі басталады. Бұл туралы бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ Халықаралық «Елорда кубогы» турнирі өтеді.

    Дүбірлі додада 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.

    Ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг), ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) өз бақтарын сынайтын болады.

    Жүлде қоры:

    - Бірінші орын -700 USD

    - Екінші орын-400 USD

    - Үшінші орын – 200 USD (әрқайсысы).

    Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталады.

    Халықаралық турнир IBA жарыстарының техникалық ережелеріне сәйкес өтеді. Жекпе-жек 3 минутқа созылатын үш раундтан тұрады, раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. 10 ұпайлық IBA ұпай жүйесі қолданылады.

    Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады.

    Жалпы, турнир алты күнге созылады. Жекпе-жекті Qazsport телеарнасы мен Qazaq Ring YouTube платформасы тікелей эфирде көрсетеді.

    "Елорда кубогі": Астанадағы ірі турнирде топ жарғандар қанша сыйақы алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.