Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің кезімізде мұндай болған жоқ": Бекзад Нұрдәулетов қазіргі чемпиондардың көп ақша алатынына таң қалды

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Бекзад Нұрдәулетов. Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов өзі жеңіске жеткенде қанша сыйақы алғанын айтты. Бұл туралы Qazaq Ring бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазір көп боксшыларымыз кәсіпқой бокста жүр. Бірақ ақша үшін кеткен боксшылардың барлығы әуесқой боксқа қайтып келіп жатыр деп ойлаймын. Себебі қазір әуесқой боксқа көп жағдай жасалып жатыр. Әуесқой бокста жүлде қорын жылдан жылға көтереді деген ақпарат бар. Ал 2019 жылы ешқандай сыйақы болмаған. Тек үкімет тарапынан берілетін 15 мың долларды алдық. Басқа ешқандай сыйақы болған жоқ. Ол кездегі мотивация тек алтын алқа тағып, еліміздің туын көтеріп келу болған. Қазір жігіттерге басқа да мотивация ашылып жатыр. Бұл да спорттың дамуына керек деп ойлаймын. Боксшылар әрі-бері ауыспай, кәсіпқой немесе әуесқой бокста қалады деп ойлаймын", - деді Нұрдәулетов.

Айта кетелік, Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) Ташкенттегі әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне 200, 100, 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған болатын.

Одан бөлек Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев жеңімпаздарға өз қалтасынан 100 және 50 мың доллар көлемінде сыйақы берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2026572-bizdin-kezimizde-mundai-bolgan-zoq-bekzad-nurdauletov-qazirgi-cempiondardyn-kop-aqsa-alatynyna-tan-qaldy/