Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санжар Тәшкенбай отбасын құрады": бас бапкер әлем чемпионына қатысты құпияның шетін ашты

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Видеодан кадр: Youtube/ Qazaq ring

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай үйленгелі жатыр. Бұл ақпаратты ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов растады, деп хабарлайды Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

48 келіде әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай Ташкентте өткен әлемдік сында алтын алды. Бірақ бүгін Астанада басталған "Елорда кубогі" халықаралық жарысына қатысқан жоқ. Бас бапкер мұның себебін айтты.

"Ташкентте өткен әлем чемпионатынан соң, 1 айдай үзіліс болды. Маусымның ортасында басталған оқу-жаттығу жиынына құраманың 2,3,4-нөмірлі спортшылары жиналды. Әлем чемпионатында топ жарған Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, қатысса да жүлдеге ілікпеген Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Талғат Сырымбетов, Нұрқанат Райыс, Сағындық Тоғамбай, Айбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев та қалыс қалмады.

Әркімнің өзіндік мақсаты бар. Бірі әлем чемпионы атанса да, Азия ойындарына қатысуды жоспарлайды. Кейбірі әлем чемпионатына қатысқанымен, жарыста шеберліктерін одан әрі шыңдауды қалайды.

"Elorda Cup" халықаралық турниріне 48 келідегі Санжар Тәшкенбай қатыспайды. Ол емделетіндіктен және шілде айының ортасында отбасын құратын болғандықтан, сұранды.

Асланбек Шымбергенов оқу-жаттығу жиынына толық қатысты. Алайда мен оған демалыс беруді жөн көрдім. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев оқу-жаттығудың жартысына қатысты. Өкінішке қарай, кішігірім жарақаты мазалағандықтан, босатуға мәжбүр болдым", - деді бас бапкер.

Сондай-ақ ол Санжардың Париж Олимпиадасына қатысу-қатыспауына қатысты пікір білдірді.

"Алдын-ала нақты ештеңе айта алмаймын. Барлығына уақыт төреші. Уақыт барлығын өз орнына қояды", - деді ол.

Айта кетелік, "Елорда кубогі" халықаралық турнирінің бүгін бірінші жарыс күні өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2026643-sanzar-taskenbai-otbasyn-qurady-bas-bapker-alem-cempionyna-qatysty-qupiyanyn-setin-asty/