Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы да қазақ-өзбек тартысы: әлемнің үздік боксшылары Астанада жұдырықтасып жатыр

Опубликовано:

Боксшылар шаршы алаңда
Боксшылар шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астанада ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ Халықаралық "Елорда Кубогі" турнирі басталды. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Турнирдің ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Sport Qory спортты қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек, спортшылар одағы төралқасының төрағасы Серік Сәпиев, Азия бокс конфедерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов және басқада спорт өкілдері қатысты.

"Құрметті боксшылар, жаттықтырушылар және біздің турнирдің қонақтары. Қазақстан бокс федерациясының атынан мәдениет және спорт министрлігі, елорда әкімдігі, Sport Qory және т.б. атынан барлық серіктестерімізге алғыс айтқым келеді. Жақында Ташкентте біздің боксшылар 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, бүкіл Қазақстанды керемет нәтижемен қуантқанын бәріңіз жақсы білесіздер. Астана рингінде бізді қызықты жекпе-жектер күтіп тұр деп үміттенеміз. Спортшыларға сәттілік пен әдемі жеңістер тілеймін", - деді Азия бокс конфедерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов құттықтау сөзінде.

Жекпе-жектердің өзіне келетін болсақ, алғашқы жарыс күні оқиғаларға толы болды. Жанкүйерлер бірден қазақ-өзбек тартысын тамашалады. Ал оның бірінде жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов өз өнерін көрсетті. Қазақстан чемпиондары – ағайынды Ермахан мен Ерасыл Жақпековтар алғашқы жеңісіне жетті.

63,5 келіге дейінгі салмаққа ерекше назар аударылды. Мұнда бірден бірнеше жас, болашағы зор боксшылар жеңіс тұғырынан көріну үшін таласуда. Атап айтқанда Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Талғат Сырымбетов. Бұл жекпе-жек Сырымбетовтың жарақатына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды.

Екінші топтық жұпта Қазақстан чемпионы Василий Самчук Ділмұрат Мижитовты жеңді. Айтулы дода әдеттегідей нокаутсыз өткен жоқ. Ертуған Зейнуллинов бірінші раундта Ерасыл Таңқайды нокатупен ұтты.

Жарыс соңында Сұлтан Мусинов әдемі нүкте қойып, Үндістан өкілі Анкит Нарвалмен болған жекпе-жекте қазақстандықтың қолы көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2026635-tagy-da-qazaq-ozbek-tartysy-alemnin-uzdik-bokssylary-astanada-zudyryqtasyp-zatyr/