Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есе қайта ма: Дулат Бекбауов финалда жеңілген өзбек боксшысымен қайта кездеседі

Опубликовано:

Дулат Бекбауов жекпе-жектен соң
Дулат Бекбауов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаевпен қайта кездеседі. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азия бокс конфедерациясы директорлар кеңесінің мүшесі Азиз Қожамбетовтің айтуынша, екі боксшының кездесуі 14 шілдеге жоспарланған.

"Халықаралық бокс федерациясы Таиландта "Бокс түні" атты турнир өткізеді. Аталған сынға Қазақстаннан Дулат Бекбауов пен Валентина Хальзова шақырту алды. Дулат өзбекстандық боксшы, әлем чемпионатының финалында кездескен Асаходжа Муйдинходжаевпен жұдырықтасады. Хальзова австралиялық боксшыға қарсы шығады. Жеңіске жеткен боксшыға 20 мың доллар, жеңілген спортшыға 10 мың доллар беріледі. Санжар Тәшкенбай да бұл турнирге шақырту алған. Бірақ ол бас тартты", - дейді Қожамбетов.

Айта кетелік, Дулат Бекбауов Ташкенттегі әлем чемпионатының финалында өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаевпен кездесіп, жеңіліс тапқан болатын.

Бекбауов Таиландтағы турнирде 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2027078-ese-qaita-ma-dulat-bekbauov-finalda-zenilgen-ozbek-bokssysymen-qaita-kezdesedi/

pixel