Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Elorda Cup турнирі: Махмұд Сабырхан мен Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан. Фото: nstagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Elorda Cup халықаралық турнирінде 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәкен Бибосынов финалда тағы бір қазақстандық боксшы Кенже Мұратұлымен кездесті. Кездесу нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен Сәкен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.

Ал Махмұд Сабырхан ақтық сында тағы бір отандасымыз Асылжан Серікбаймен кездесуі тиіс еді.

Алайда қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартып, осылайша, Махмұд турнирдің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа салмаққа (54 келіден 57 келіге) ауысқан Махмұд Сабырхан қарсылас шыдатпай Elorda Cup турнирінің финалына шыққанын жазған едік.

Махмұд жартылай финалда осы салмақтың басты жұлдызы Серік Теміржановты жеңіп кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2027216-elorda-cup-turniri-maxmud-sabyrxan-men-saken-bibosynov-cempion-atandy/

pixel