jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңа салмаққа ауысқан Махмұд Сабырхан 57 келідегі ең мықты боксшыны жеңіп кетті

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан шаршы алаңда. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Астанада бокстан "Елорда кубогі" турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр. 57 келіге ауысқан Махмұд Сабырхан өзінің басты қарсыласын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Турнирдің жартылай финалында 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов пен 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан кездескен болатын.

    54 келіден 57 келіге ауысқан Махмұд осы салмақтың басты жұлдызы Серікке еш айла қалдырған жоқ.

    Ол жылдамдығының арқасында соққылары ауыр қарсыласынан айласын асырды. Есеп - 4:1, Сабырханның жеңісі.

    Осылайша, Махмұд Сабырхан 57 келіде "Елорда кубогінің" финалына шықты. Ол ақтық сында қазақстандық Асылжан Серікбаймен кездеседі.

    Еске сала кетейік, 57 келіде топ жарған боксшы Жазғы Азия ойындарына қатысып, Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.

    Жаңа салмаққа ауысқан Махмұд Сабырхан 57 келідегі ең мықты боксшыны жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.