jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Бір тәжік боксшысы үш қазақты тоқтатты": бас бапкер кейбір спортшылардың төмен нәтижесіне қынжылды

    Мырзағали Айтжанов пен Асланбек Шымбергенов
    Мырзағали Айтжанов пен Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Астанада бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирі аяқталды. Аталған турнирде Қазақстан командасы сегіз алтын алса да, бас бапкер Мырзағали Айтжанов кейбір салмақтағы нәтижелерге көңіл толмайтынын айтты, деп жазады Bassport.kz.

    63,5 келі салмақта Қазақстан атынан 11 боксшы сынға түскен болатын. Алайда бұл салмақта таиландтық боксшының мықтылығы анық білінді.

    "Бірнеше Қазақстан чемпионы Азия ойындарына жолдамаға таласса да, Таиландтан келген Хунатип Пиднух мықтылығын паш етті. Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен финалдық жекпе-жекте Ертуған Зейнуллиновке оңай болмады. Енді Париж Олимпиадасында жүлде алуды қоя тұрып, Азия ойындарында жолдама алудың өзі қиын болғалы тұр. Әлем чемпионы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан), Шива Тапа (Үндістан), әлем чемпионатының қола жүлдегері Баһадүр Усмонов (Тәжікстан), Моңғолия боксшысы бар. Әлі де шеберлікті шыңдауды талап етеді. Елімізден Азия ойындарына нақты кім баратыны тамыз айында шешіледі", - деді бас бапкер.

    Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидов топ жарды. Бұл салмақтағы күміс және қола жүлделерді қазақ боксшылары иеленген.

    "67 келідегі отандық боксшылар әлі көп тер төгуі қажет. Бір ғана Тәжікстан боксшысы Шамшер Саидов 3 қазақты тоқтатты. Әлі танымал емес. Бірақ күші көп, мығым екендігі көрінеді. Өкінішке қарай, тәжік боксшысының кілтін ешкім таба алмады", - деді Айтжанов.

    "Бір тәжік боксшысы үш қазақты тоқтатты": бас бапкер кейбір спортшылардың төмен нәтижесіне қынжылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.