Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ережені сақтамай жүре берген": бас бапкер екі боксшының допингпен ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Мырзагали Айтжанов
Мырзагали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов допингпен ұсталған екі спортшыға қатысты пікірін айтты. Бұл туралы Sportpress.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталық Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған", - деді бас бапкер.

Айтжановтың айтуынша, спортшылар бас бапкер құрамаға келгенге дейін күдікке ілінген.

"Иә, солай болып тұр. Бізге дейін болған. Ол кезде ұлттық құрамада ғылыми топ болмаған. Спортшылар ережені сақтамай жүре берген. Өзім білемін деп жүрген. Үйде витамин ішсе, ол жарты жылдан кейін, кейде бір жылдан кейін адам ағзасынан шығады.

Қазір біз бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дәрмектер, витаминдер ішпеңдер деп айтамыз. Ескертеміз. Ең алдымен ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады", - деді ол.

Айта кетелік, бокстан ұлттық құраманың мүшелері Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік тыйым салынған дәрі-дәрмек қабылдағаны үшін үш жылға спорттан шеттетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028100-erezeni-saqtamai-zure-bergen-bas-bapker-eki-bokssynyn-dopingpen-ustaluyna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel