jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Екі қазақстандық боксшы допинг қолданғаны үшін үш жылға спорттан шеттетілді

    Саматәлі Төлтаев шаршы алаңда жұдырықтасуда
    Саматәлі Төлтаев қызыл жейдеде. Фото: kfb.kz

    Бокстан Қазақстан құрамасының екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Ұлттық допингке қарсы орталыққа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Атап айтар болсақ, 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саматәлі Төлтаев пен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абзал Серік жарыстардан ресми түрде шеттетілді.

    Саматәлінің допинг сынамасынан оралтуринабол, Абзалдың сынамасынан метастерон табылған. Екі препарат та спортшылардың қолдануына тыйым салынаған дәрілер қатарына жатады.

    Ұлттық допингке қарсы орталық мәліметінше, Төлтаев 2023 жылдың 3 наурызынан 2026 жылдың 3 наурызына дейін, Серік 2023 жылдың 7 сәуірінен 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін спорттан аластатылды.

    Саматәлі Төлтаевтың допинг қабылдағаны туралы ақпарат наурыз айында жарияланған болатын. Ал Абзал Серіктің тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданғаны жақында хабарланды.

    Екі спортшы да бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі. Төлтаев 2022 жылғы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алса, Абзал Серік былтырғы "Елорда кубогінде" Дулат Бекбауовты жеңіп, чемпион атанған.

    Екі қазақстандық боксшы допинг қолданғаны үшін үш жылға спорттан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.