Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов баласы бар адамды ұрып-соққан

Опубликовано:

Бейбіт Шүменов
Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

Үкімет кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы сауда орталығында қолында баласы бар ер адамды қатты соққыға жыққан бокстан бұрынғы әлем чемпионы болған Бейбіт Шүменов екенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше күннен бері елордада қасында баласы ер адамды екінші бір адамның ұрып-соққаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда кафеге келуші ер адам агрессивті түрде шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтырғанын көруге болады. Қатты соққыдан ер адам үстелді сындырған.

Видеодағы ер адамның бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екенін көпшілік таныған.

"Иә, растаймыз (Шүменов екенін - ред.), қазір айналысып жатырмыз. Дерек бойынша іс бұзақылық бойынша қозғалды. Ол жерде ауыр емес қылмыс жасалған, сараптама көрсетеді. Біз де күтіп отырмыз", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев.

"Шабуылдаған адамның кәсіпқой боксшы болуы жазаға әсер ете ме?" деген сұраққа Сұнтаев барлығы сараптама қорытындысына байланысты болады деп жауап берді.

Ішкі істер министрі орынбасарының сөзінше, ер адамның қолында болған бала зардап шекпеген, бірақ жәбірленуші тарап боксшыны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиғаның 18 маусымда елордалық Mega Silkway сауда орталығында болғаны хабарланған болатын. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұл факті бойынша Астана қалалық полициясы "бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Еске салайық, Бейбіт Шүменов 2019 жылы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды, оның орнын франциялық боксшы Арсен Гуламирян иеленді. Қазіргі уақытта боксшы WBA рейтингінен толықтай шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028337-astanada-bokstan-eks-alem-cempiony-beibit-sumenov-balasy-bar-adamdy-uryp-soqqany-belgili-boldy/

pixel