Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барлық жұлдыз жиналған: бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың тойы дүркіреп өтті

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай жұбайы Аяулым және командаласы Махмұд Сабырханмен
Санжар Тәшкенбай жұбайы Аяулым және командаласы Махмұд Сабырханмен. Фото: Instagram/sabyrkhan_mahmud

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Санжар Тәшкенбай сүйіктісімен шаңырақ көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Чемпионның таңдауы Аяулым есімді аруға түскен. Әзірге оның келіншегі туралы мәліметтер аз.

Ал тойға қатысқан қонақтар қатарында бокстан Қазақстан командасының қазіргі және бұрынғы мүшелері бар.

Айта кетер болса, тойға бас бапкер Мырзағали Айтжанов, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев, 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов және қазіргі әлем чемпиондары Асланбек Шымбергенов пен Махмұд Сабырхан бар.

Сондай-ақ, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Нұрғанат Райыс, Айбек пен Нұрбек Оралбай бастаған құраманың белді спортшылары той төрінен табылды.

Желі қолданушылары жас отбасыға денсаулық, бақыт және қуаныш тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028845-barlyq-zuldyzdar-zinalgan-bokstan-alem-cempiony-sanzar-taskenbaidyn-toiy-durkirep-otti/

pixel