Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салмақ ауыстырамын": Махмұд Сабырханнан жеңілген Серік Теміржанов бокстағы мансабына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алдағы мансабына қатысты ақпаратпен бөлісті. Спортшы салмақ ауыстыратынын мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz.

Айта кетелік, Астанада өткен "Елорда кубогі турнирінде 57 келіде сынға түсетін Теміржанов әлем чемпионы Махмұд Сабырханға есе жіберген болатын. Содан соң олимпиадалық салмақ тізгіні Махмұдқа өтті.

"Ташкенттегі әлем чемпионаты мен Астанадағы халықаралық турнирде салмақ жағынан проблема болды деп ойлаймын. 57 келіде сынға түсу үшін 7-8 келі салмақ қуып жүрдім. Бұрын жеңіл еді, қазір қиындап кетті.

Аталған екі жарыстағы сәтсіздікке де салмақ себеп болды деп ойлаймын. Өйткені дайындығым жақсы еді. Қазіргі таңда салмақ ауыстырамыз деп шештік. 60 немесе 63,5 келіге ауысуым мүмкін. Олимпиадаға дейін нақты белгілі болады.

Азия ойындарына баратын тізім жарияланған жоқ. Кім баратынын мен білмеймін. Егер Азиадаға апаратын болса, 63,5 келіде қатысатын едім. Астанадағы халықаралық сыннан соң Махмұд туралы жиі сұрайды.

Махмұд менің бауырым, ара қатынасымыз да жақсы. Бәріміздің мақсатымыз бір – елімізді әлемге танытып, көк туымызды желбірету. Сондықтан командадағы барлық жігітке тілеулеспін", - деді Теміржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2033498-salmaq-auystyramyn-maxmud-sabyrxannan-zenilgen-serik-temirzanov-bokstagy-mansabyna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel