jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әбілхан Аманқұл әйгілі Сауль Альвареспен бірге түскен фотосын жариялады

    Әбілхан Аманқұл мен Сауль Альварес
    Әбілхан Аманқұл мен Сауль Альварес. Фото: instagram/amankul.abilkhan

    Қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл абсолютті әлем чемпионы Сауль Альвареспен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы спортшының желідегі парақшасында хабарланды.

    "Арманыңа сене біл және оған жету үшін аянбай еңбек ет. Спорттың мәні осында", — деп жазды Аманқұл Instagram парақшасында.

    Әбілхан "Канелоның" мамыр айындағы жекпе-жегінде андеркартта өнер көрсеткен.

    Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері атанған.

    Токио Олимпиадасында ширек финалға дейін жетіп, бразилиялық боксшыға есе жіберген еді.

    Бүгінде ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығып жүр.

    Әбілхан Аманқұл әйгілі Сауль Альвареспен бірге түскен фотосын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.