jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жүрегім тарта берді": бокстан Азия чемпионы Римма Волосенко ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді

    Римма Волосенко шаршы алаңда
    Римма Волосенко. Фото: olympic.kz

    Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Бір сұхбатта сіз діни ұстанымым туралы сұрадыңыз. Қазір бұл сауалға былай деп жауап берер едім.

    Құдай- ортақ, бірақ әркімнің жанына жақын ұстаным бар. Осы сауалмен жеке бапкеріме барып,: "мені ислам дініне неге тартып тұрады", - деп сұрадым.

    "Бұл - сенің ойың, егер қаласаң, мен де, сенің ата-анаң да ештеңе дей алмаймыз. Бұл - сенің жан дүниең", - деді ол.

    Жарыс, маңызды турнирлер алдында ішкі түйсігім исламның маған жақын екендігін көрсетіп тұратындай. Өзінің тазалығымен бөлектеніп тұратын секілді. Бұлай сөйлегенім артық шығар. Ішкі дүниеңдегі тазалық қана емес, таза жүру, кәдімгі күнделікті өмірдегі тазалықты сақтау керек деген ұстанымы ұнады", - дейді боксшы.

    Айта кетелік, Римма Волосенко ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамадағы көшбасшы спортшылар қатарында.

    Ол бірнеше рет әлем чемпионатына қатысып, 2021 жылы Азия чемпионы атанған.

    "Жүрегім тарта берді": бокстан Азия чемпионы Римма Волосенко ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.