Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай жарысқа бірінші рет келдім": Махмұд Сабырхан жарыс алдында сұхбат берді

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан ту көтеру рәсімінде
Махмұд Сабырхан ту көтеру рәсімінде. Фото: Сали Сабиров/Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан әлем чемионы Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы әсерін және алдағы жоспарын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Азия ойындарына алғаш рет қатысып отырмын. Өте керемет дайындалған. Өзіме қатты ұнап жатыр. Бұл командалық жарыс болған соң, еліміздің әрбір спортшысына тілеулеспін. Осы жарысқа арнайы дайындалдым.

Мақсатым - алтын медаль алып, еліміздің әнұранын шырқату. Сондай-ақ Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензиялық турнирге де алғаш қатыспақшымын.

54 келіден 57-ге ауысқанымды білесіздер. Салмағым өсті. Олимпиадалық салмақ. Бұйырса, алтын алғанымды көретін боласыздар.

Ал қарсыластарыма келер болсам, әлем чемпионы атанған өзбек боксшысы бар. Одан бөлек, 54 келідегі қарсыластарым да ауысып жатыр. Атап айтар болсам, Сачин Сачин 57 келіге өтті.

Бірақ мен бәріне де дайынмын. Бұл салмақ қатты қиын болады деп айта алмаймын. Ал ұйымдастырушыларға, Қазақстан делегациясына алғысым шексіз. Бізге керемет спорт мерекесін сыйлауда", - деді Махмұд Сабырхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2037578-mundai-zarysqa-birinsi-ret-keldim-maxmud-sabyrxan-aziya-oiyndaryndagy-aserimen-bolisti/

pixel