jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары: Нұрбек Оралбай Қытай намысын қорғайтын қазақ боксшысымен қайтадан кездеседі

    боксшы
    Нұрбек Оралбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Жазғы Азия ойындарында бокстан жеребе тарту рәсімі өтіп, отандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    80 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының финалында жұдырықтасқан қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанмен қайта кездеседі.

    Екі спортшы жарысты 1/8 айналымнан бастайды.

    Әдетте, әлем чемпионатында жеңіске жетіп, жүлдегер атанған спортшылар жартылай финалға дейін бір-бірімен кездеспейді.

    Бірақ Халықаралық Олимпиада комитеті Ташкентте өткен соңғы әлем чемпионатын мойындамағандықтан, боксшылардың рейтингі ескерілген жоқ.

    Еске сала кетейік, Азия ойындарында боксшылар Олимпиада жолдамасын да сарапқа салады. Финалға шыққан екі боксшы Париж ойындарына тікелей лицензия алмақ.

    Азия ойындары: Нұрбек Оралбай Қытай намысын қорғайтын қазақ боксшысымен қайтадан кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.