Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Сағындық Тоғамбай моңғолиялық боксшыны мерзімінен бұрын жеңді

Жарияланған күні:

Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында
Сағындық Тоғамбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады. Спортшы моңғолиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық боксшы Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде 92 келі салмақта Моңғолия өкілі Бариахаан Доржпен кездесті. Алғашқы екі раундта Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Қазақстандық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Назым Қызайбайдың да Азия ойындарын сәтті бастағанын хабарлаған едік. Әйелдер арасындағы 51 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз непалдық Таманг Сусманы айқын басымдықпен жеңіп (5:0), келесі айналымға шықты.

Айта кетейік, бүгін 27 қыркүйекте Қазақстан қоржынына алғашқы алтын салынды. Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша командалық жарыста бірінші орынды иеленді.

Оған қоса ел қоржынында екі күміс, алты қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038388-aziada-2023-sagyndyq-togambai-mongoliyalyq-bokssyny-merziminen-buryn-zendi/