Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтыннан кейін жеңілдеп қалдық": Азиадада екі медаль алған Әсем Орынбай жеңісі туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Әсем Орынбай Азия ойындарында
Әсем Орынбай Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мерген Әсем Орынбай Азия ойындарында екі медальға ие болды. Спортшы стенд атудан командалық сайыста алтын жеңіп алса, жекелей жарыста қола жүлдегер атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсем Орынбай Азия ойындарындағы жетістігінен кейін сұхбат беріп, өз әсерін бөлісті. Спортшы алтын үшін бар күш-жігерін салғанын айтты.

Оған қоса отандық мерген стенд атудан Қытай құрамасына қатысты пікір білдіріп, олардың мықтығын атап өтті.

"Өте қуаныштымын. Ең бірінші мақсат бізде финалға ілігу, медаль алу болды. Аллаға шүкір бүгін екі медаль алып отырмыз. Біреуі алтын, біреуі қола болып қалды. Енді қолдан келгенді жасадық. Финал өте тартысты өтті. Сондықтан үшінші орын бұйырды. Қытай құрамасынан ұтылып келе жатқанбыз. Бірақ соңғы серияға дейін күрестік. Бар күшімізді салдық. Соның арқасында жеңіске жеттік.

Қытай құрамасы өте мықты, мойындау керек. Олар тек Азия құрлығында ғана емес, әлем бойынша ең мықты құрамалардың бірі. Қытайға келіп алтын алу деген біз үшін керемет нәтиже. Күн ыстық болды. Сол жағы кедергі келтірді. Жалпы оңай болған жоқ. Барынша тырыстық. Бірінші алтын алғаннан кейін кішкене жеңілдеп қалдық. Финал оңай болмайтынын білдім. Қытай құрамасының қолдауы, жанкүйерлері өте мықты болды. Бірақ қолаға да Аллаға шүкір етеміз", - деді Әсем.

Айта кетейік, Әсем Орынбаева стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша командалық жарыста Зоя Кравченко мен Ольга Панаринамен бірге бірінші орын алып, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының алғашқы алтыны болды.

Сондай-ақ отандық мерген стенд атудан жекелей жарыста қола жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038374-altynnan-keiin-zenildep-qaldyq-aziadada-eki-medal-algan-asem-orynbai-zenisi-turaly-soz-qozgady/

pixel