Азия ойындары: бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Опубликовано:
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Римма Волосенко алғашқы жекпе-жекте тайпейлік қарсыласы Ву Шигуйға жол берді.
Тартысты кездесуде төреші екі боксшыға да бірнеше мәрте ескерту жариялады.
Бұл Азия ойындарында сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшылардың Ханчжоудағы алғашқы жеңілісі.
Айта кетелік, бүгін Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Асланбек Шымбергенов (71 келі) шаршы алаңға шығады.
- "Жеңісімді анама арнаймын": Қазақстанға екі алтын, бір қола сыйлаған Әсем Орынбай арнайы сұхбат берді
- Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038611-aziya-oiyndary-bir-bokssymyz-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/