jitsu gif
Спорт

    Әбілхан Аманқұл АҚШ-та өткен бокс кешінде жеңіске жете алмады

    Әбілхан Аманқұл
    Әбілхан Аманқұл. Фото: instagram.com/amankul.abilkhan

    Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл Канело-Шарло бокс кешінің андеркардында жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек бірдей есеппен аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандықтың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Аманқұлдың қарсыласы америкалық боксшы Джошон Джеймс болды.

    Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, бірдей есеппен аяқталды. Әділ қазылардың бірі жеңісті қазақстандыққа 39-37 ұпаймен бергенімен, қазылардың өзге мүшесі Джеймске екі рет 38-38 ұпай берген.

    Осылайша Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіске қол жеткізе алмады. 26 жастағы қазақстандық боксшы бұған дейін әр өткізген жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған еді. Аманқұл үшін бұл АҚШ-тағы үшінші жекпе-жек болды.

    Әбілхан Аманқұл АҚШ-та өткен бокс кешінде жеңіске жете алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.