jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жеңісті бермеді": Мырзағали Айтжанов Асланбек Шымбергеновтың жекпе-жегіне пікір білдірді

    Мырзағали Айтжанов
    Мырзағали Айтжанов. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Асланбек Шымбергеновтың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бас жаттықтырушы отандық боксшыға жеңісті бермегеніне күйінді.

    "Шағым алынбайды. Жақсы дайындалып шықты. Әлем чемпионы ол да, оны да өлтіріп тастай алмайды ғой. Бірақ, үш раунд бойы жақсы ұтып тұрды. Жеңісті бермеді. Амал жоқ", - деді бас бапкер.

    Айта кетейік, 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек Шымбергенов төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапониялық Севон Окадзаваға есе жіберді. Боксшы Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

    Еске сала кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

    Бүгін, 3 қазанда тағы бір қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Астана уақытымен сағат 19:00-де жұдырықтасады.

    "Жеңісті бермеді": Мырзағали Айтжанов Асланбек Шымбергеновтың жекпе-жегіне пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.