jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша "Жылдың үздік боксшысы" атанды

    Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жектен кейін
    Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жектен кейін. Фото: Instagram/meiirim.nursultanov

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша "Жылдың үздік боксшысы" атағын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі Доминикан Республикасында өткен конференцияда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалығымен спортшы өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

    Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне қарқынды түрде дайындалып жатыр.

    Отандасымыз оқу-жаттығу жиындарын Ақтау қаласында өткізуде. Оның келесі қарсыласы екі аптадан кейін ғана белгілі болады. Боксшы IBF нұсқасы бойынша үздік спортшылардың бірімен жұдырықтасуға ниет білдірді.

    Мейірім Нұрсұлтановтың Stories-i
    Мейірім Нұрсұлтановтың Stories-i. Скриншот: Instagram/meiirim.nursultanov

    Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізген. Оңтүстік Корея еліндегі кездесуінде жапониялық Кадзуто Такесакоға (15-0-1, 14 КО) қарсы жұдырықтасып, нокаутпен жеңді.

    Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша "Жылдың үздік боксшысы" атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.