jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қасқырдай мінезін көрсетті": белгілі бапкер Қоңқабаевтың Жалоловқа қарсы жекпе-жегіне жоғары баға берді

    Қамшыбек Қоңқабаев пен Мырзағали Айтжанов
    Қамшыбек Қоңқабаев пен Мырзағали Айтжанов. Фото: Сали Сабиров

    Белгілі жаттықтырушы, бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Мұхит Амантаев Қамшыбек Қоңқабаевтың Азия ойындарындағы жекпе-жегіне пікір білдірді. Бұл туралы Жетінші арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Жігіттер үшін жүрек ауыратын жағдай. Қаншама еңбек? Қаншама тер төкті балалар. Біздің жігіттердің қарсыласы өзбек немесе қытай болған жоқ. Біздің жігіттер төрешілермен күресті.

    Біздің спортшылар барын салды. Қамшыбек бауырымызға риза болдым. Осы жолы Бахадүр Жалоловпен керемет жұдырықтасты. Қасқырдай қайсар мінез көрсетті.

    Енді бір раунд бергенде, айқын басымдықпен ұрып алуға мүмкіндік болатын еді", - дейді Мұхит Амантаев.

    Айта кетелік, жазғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан ерлер командасы үш медаль жеңіп алды.

    Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдегер атанса, Асланбек Шымбергенов пен Сағындық Тоғамбай қола медаль иеленді.

    "Қасқырдай мінезін көрсетті": белгілі бапкер Қоңқабаевтың Жалоловқа қарсы жекпе-жегіне жоғары баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.