jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азиадада топ жарған каратэшілер елге оралды (фото)

    Әсел Қанай мен Лаура Әліқұл әуежайда
    Әсел Қанай мен Лаура Әліқұл әуежайда Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Ханчжоудағы Азия ойындарында каратэден ел намысын қорғап, командалық есепте үздік болған каратэшілер Қазақстанға оралды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қытайдан жүлделі орындармен оралған спортшылардың қатарында Нұрқанат Әжіқанов, Лаура Әліқұл, Қайсар Алпысбай, Әсел Қанай, Дидар Әмірәлі, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева бар. Оларды жақындары мен жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.

    Қазақстандық каратэшілер елге оралды
    Қазақстандық каратэшілер елге оралды Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Елордада каратэшілерге ерекше құрмет көрсетілді. Жиналған көпшілік спортшыларға сый тарту етіп, естелікке суретке түсіп жатты.

    Қазақстандық каратэшілерді күтіп алуда
    Қазақстандық каратэшілерді күтіп алуда Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Айта кету керек, еліміздің каратэ құрамасы Азия ойындарында командалық есепте бірінші орын иеленді. Каратэшілер құрлықтық додада ел қоржынына сегіз жүлде салды. Үш алтын, үш күміс пен екі қола.

    Азиадада топ жарған каратэшілер елге оралды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.