jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы белгілі болды

    Мейірім Нұрсұлтанов
    Мейірім Нұрсұлтанов. Фото: instagram

    Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (19-0, 11К) Ташкент қаласында өтетін жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасқаны белгілі болды. Отандасымыз неміс боксшысы Винцент Файгенбутцке (39-3, 32К) қарсы шығады, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Adal Promotions" Instagram парақшасына сілтеме жасап.

    Винсент Файгенбутцке әлемдік бокс рейтингтерінде жоғары сатыда тұр. Боксшы WBC - 11, IBF - 12, WBO - 13, Boxrec рейтингінде 24 орында тұр.

    Аталмыш кездесу орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде өтеді. Яғни жекпе-жек жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады. Кездесу 12 раундқа жоспарланып отыр.

    Айта кетейік, бұған дейін Мейірім Нұрсұлтановтың WBC конвенциясы аясында Ташкент қаласында "Хума Аренада" болатын бокс кешінде жұдырықтасатынын хабарлаған едік.

    Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.