Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: боксшы қыздарымыз жарыс жолын сәтті аяқтады

Опубликовано:

Боксшы Алина Құдайберген
Боксшы Алина Құдайберген. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жасөспірімдер санатындағы қыздардың финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қыздар арасындағы финалдық бәсекелер тобын бірінші болып Айым Танкибаева бастады. 46 келідегі финалдық кездесуде өзбекстандық Мафтуна Мусурмоноваға 2:3 есебімен есе жіберді. Осылайша ел қоржынына алғашқы күміс жүлде түсті.

Жасөспірімдер санатындағы 48 келідегі финалдық кездесуде Сила Биболсынқызы тайпейлік қарсыласы Шен Син-Айға 2:3 есебімен жеңілді. Бұл ұлттық құрамамыздың Азия біріншілігіндегі екінші күміс жүлдесі.

Бокстан Азия чемпионатындағы алғашқы алтын

Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдені Аяжан Сыдық жеңіп алды. 54 келідегі финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласы Зухро Рустамованы жеңді. Төрешілердің берген бағасы 5:0.

Астана қаласында жалауын көтерген бокстан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты. 60 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Толғанай Қасымхан ақтық сында Үндістан елінің өкілі Чиром Жойшери Девидті 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Үшінші боксшымыз Азия чемпионы атанды. 63 келідегі финалдық бәсекесінде жерлесіміз Алина Кудайгенованың мерейі үстем болды. Алина алтын жүлде үшін болған жекпе-жекте өзбек боксшысы Аселиа Төлегенованы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп (5:0), елімізге үшінші алтын жүлде сыйлады.

Жасөспірімдер санатында жарыс жолын аяқтағандар 70 келіде Ақбота Есімбекова және 75 келіде Аружан Зейноллаева екеуі де финалда жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.

Еске салайық, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жеті спортшымыз шықты. Жастар санатындағы финалдық кездесулер 3 қараша күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2043770-aziya-cempionaty-bokssy-qyzdarymyz-zarys-zolyn-satti-ayaqtady/

pixel