jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    VI жазғы Спартакиада аяқталды: Астана қаласының боксшылары жалпы есепте топ жарды

    Сакен Бибосынов и Санжар Ташкенбай
    Сакен Бибосынов и Санжар Ташкенбай. Фото: instagram/boxingkazakhstan

    Астана қаласында өткен бокстан VI жазғы спартакиада аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    13-19 қараша аралығында Астанада өткен VI жазғы Спартакиада мәресіне жетті. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын дүбірлі додада 13 салмақ бойынша 176 спортшы жүлдеге таласты.

    Турнир қорытындысы бойынша жарыстың ең үздік боксшысы — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы). Ал турнирдің жаңа есімі болып Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы) танылды.

    Жалпы есепте ең көп жүлде жеңіп алған өңірлер:

    • Астана қаласы — 3 алтын, 2 күміс;
    • Жамбыл облысы — 3 алтын;
    • Түркістан облысы — 2 алтын, 2 күміс, 1 қола;
    • Ақмола облысы — 2 алтын, 1 күміс, 1 қола;
    • Алматы қаласы — 1 алтын, 4 қола;
    • Қызылорда облысы — 1 алтын, 2 қола;
    • Шымкент қаласы — 1 алтын, 1 қола;
    • Павлодар облысы — 2 күміс, 3 қола;
    • Атырау облысы — 2 күміс;
    • Абай облысы — 1 күміс, 3 қола;
    • Алматы облысы — 1 күміс, 3 қола;
    • БҚО — 1 күміс, 1 қола;
    • Манғыстау облысы — 1 күміс, 1 қола;
    • Ұлытау облысы — 2 қола;
    • ШҚО — 1 қола;
    • Қарағанды облысы — 1 қола;
    • Жетісу облысы — 1 қола;
    • Қостанай облысы — 1 қола.

    Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің үздік боксшылары анықталып, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңадан жасақталады.

    VI жазғы Спартакиада аяқталды: Астана қаласының боксшылары жалпы есепте топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.