jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

    Боксшы Бекман Сойлыбаев
    Боксшы Бекман Сойлыбаев. Фото: Instagram/bekman_soilybaev

    Бірінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қазақстандықтың промоушеніне сілтеме жасап хабарлайды.

    Жекпе-жек түріктің Трабзон қаласында 2 желтоқсанда өтеді. Қазақстандыққа қарсы "Кіші Тайсон" деген лақапаты бар өзбекстандық Мырзамұхаммед Хикматуллаев жұдырықтасады. Кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді және 10 раундқа жоспарланған.

    Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев - бірінші жартылай жеңіл дивизионда WBA Inter-Continental чемпионы. Қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуді былтыр жеңіп алған еді. Өзбекстандық қарсыласына келетін болсақ, ол осы жылдың наурыз айында рингке шыққан. Содан кейін Хикматуллаев Екатеринбургтегі (Ресей) бокс кешінде Әзербайжан өкілі Елнұр Мамедовті техникалық нокаутпен жеңген.

    Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.