jitsu gif
Спорт

    Боксшы Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

    Боксшы Батыр Жүкембаев
    Боксшы Батыр Жүкембаев. Фото: twitter.com/ProBox_TV

    Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі туралы ресми түрде мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, бір рет жеңілген боксшы жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 13 желтоқсанда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол ProBox TV бокс кешінде тәжірибелі Мохамед Мимунмен (23-5, 4 КО) жұдырықтасады.

    Қазақстандық боксшы twitter-дегі ресми парақшасында "13 желтоқсан. Кеттік!", — деп жазып, келесі жекпе-жегінің хабарландыруын жариялады.

    10 раундқа жоспарланған жекпе-жек 14 желтоқсанда Астана уақытымен таңғы 07:00-де өтеді.

    Еске салайық, Батыр Жүкембаев қыркүйекте АҚШ-тағы Плант-Сити қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде аргентиналық қарсыласы Уго Альберто Рольды (22-2-1, 7 КО) жеңген еді. Осылайша кәсіпқой бокстағы 21-жеңісіне қол жеткізген болатын.

    Мохамед Мимун соңғы рет 26 шілдеде АҚШ-тың Киссимми қаласында өткен жекпе-жекте америкалық Стивен Галеаноны (12-1, 9 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Ол 2018 жылы IBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулын иеленген еді.

    Боксшы Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.