jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин екі сатыға төмендеді: WBO үздік боксшылардың рейтингін жаңартты

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

    Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылардан Роман, Фресс, Мейірім Нұрсұлтанов және Геннадий Головкин бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WBO ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлем чемпионы атағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақта өзгерістер бар.

    WBO тұжырымының орта салмақ рейтингі
    WBO тұжырымының орта салмақ рейтингі. Скриншот: https://wboboxing.com/rankings

    Рейтингтің бірінші орынында әдеттегідей британдық Крис Юбанк тұр. Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов екінші орынға жайғасса, тағы бір британдық боксшы Дензел Бентли үшінші орынға тұрақтады. Бұрын үшінші тұрған Феликс Кэш жетінші орынға төмендеді.

    Төртінші орында тұрған Геннадий Головкин алтыншы орынға сырғыды. Ал оның орнына ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираз жайғасты.

    Сондай-ақ, бірінші ауыр салмақ рейтингінде Роман Фресс 10-орында тұр.

    Еске салайық, бір жылда бірде-бір жекпе-жек өткізбеген Головкинді WBO-дан басқа ұйымдар рейтингтен шығарып тастады. GGG соңғы рет 2022 жылы 17 қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліс тапқан болатын.

    Головкин екі сатыға төмендеді: WBO үздік боксшылардың рейтингін жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.