jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал бокcшы Еcболат Нұрманов өмірден өтті

    Есболат Нұрманов
    Есболат Нұрманов. Фото: facebook.com/Ғабиден Жәкей

    Танымал боксшы Есболат Шарапұлы Нұрманов 53 жасында дүниеден озды, деп жазады Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей Facebook-тегі парақшасында.

    "Суыт хабар.... арамыздан әйгілі боксер Есболат Шарапұлы Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егеменді елдің тұңғыш профи-боксері, 17 жасында бокстан СССР құрама командасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал өңірінің тумасы.

    Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы КазПТИның Гидрогеология, барлау техникасы факультетінде, бір топта бірге оқыдық. 1990 жылдардың ортасынан кеден қызметінде жұмыс жасады. Иманың саламат болсын, Алла Тағала алдынан жарылқасын, досым", - деп жазды Ғабиден Жәкей парақшасында.

    Қазақстан бокс федерациясы Нұрманов Есболат Шарапұлының жаназасы 5 желтоқсан таңертең Талғар қаласы, Биеке Батыр мешітінде шығарылғанын хабарлады.

    Танымал бокcшы Еcболат Нұрманов өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.