Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанқош Тұраров IBO World және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды (видео)

Опубликовано:

Боксшы Жанқош Тұраров
Боксшы Жанқош Тұраров. Фото: instagram/zhankoshturarov

Бүгін, 10 желтоқсан қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен Жапония елінің спортшысы Акихиро Кондо кәсіпқой бокстағы екі белбеуді сарапқа салды. Отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанқош Тұраров (27-0 20 КО) пен Акихиро Кондо (37-11-2 21 КО) арасындағы жұдырықтасу 12 раундқа созылды. Қазақстандық спортшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы IBO World және WBA Gold белбеулерін жеңіп алды.

Жанқош осы кездесуге 2023 жылдың басында иеленген IBO World белбеуін сарапқа салды. Тұраров бұл титулды наурыз айында мексикалық боксшы Алехандро Менесеске қарсы жекпе-жекте жеңіп алды. Яғни бұл оның белбеуді алғаш рет қорғауы.

Ал WBA Gold нұсқасының белбеуі осы жұдырықтасудың жеңімпазына бұйыратын титул болып есептелген еді. Жанқош Тұраров WBA Gold белбеуін жеңіп алған алғашқы қазақстандық боксшы емес. Бірінші болып бұл титулды Қамшыбек Қоңқабаев 2021 иеленді.

Айта кетейік, Алматы қаласында өткен бокс кешінде Жанқош Тұраровтан басқа Виктор Коточигов, Балауса Мұздиман, Елшат Нығметолла, Елхан Табынбаев сияқты қазақстандық спортшылар да өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2050102-zanqos-turarov-ibo-world-zane-wba-gold-nusqasy-boiynsa-alem-cempiony-atandy-video/

pixel