jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл соңы емес": Уайлдер жеңілісінен кейін үндеу жасады

    Деонтей Уайлдер
    Деонтей Уайлдер. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Деонтей Уайлдер жаңа зеландиялық Джозеф Паркерден жеңіліп қалғаннан кейін үндеу жасады. Боксшы жекпе-жек барысында өзінің жоспарын орындай алмағанын мойындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Уайлдер өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында видео үндеу жариялады. Боксшының айтуынша, бәрі жоспар бойынша болмаған.

    "Біз жеңілдік. Егер шынына келсек, мен не болғанын білмеймін. Тайминг жағынан мәселелер болды, мен соққы жасамадым, жоспарлағанымдай қолымды төмен ұстамадым. Кейде мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз тағы бір жекпе-жектен, тағы бір сәттен өту үшін өмір сүреміз.

    Мен бұрынғыдай бақыттымын, өмірім әлі де күлкі мен қуанышқа толы. Үміттеріңізді ақтамаған болсам, кешіріңіздер. Біз ораламыз. Бұл соңы емес", – деді Уайлдер.

    Еске салайық, Уайлдер қарсыласы Джозеф Паркерден төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңілді. Жекпе-жек Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) бокс кеші аясында өтті.

    "Бұл соңы емес": Уайлдер жеңілісінен кейін үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.