jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мэнни Пакьяо әйгілі боксшы Флойд Мейвезермен екінші рет кездесетінін мәлімдеді

    Флойд пен Пакьяо
    Флойд пен Пакьяо. Фото: JOHN GURZINSKI/AFP via Getty Images

    Алты салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо бес дивизион бойынша экс-чемпион Флойд Мейвезермен екінші жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Rizin" атты жапондық шоуда Пакьяо тосын мәлімдеме жасады. Ол Мейвезерге қарсы екінші жекпе-жегі өтетінін хабарлады.

    "Cіздерді осында, Жапонияда, тағы да көремін деп үміттенемін. Үлкен жекпе-жек болады, әлгі кіммен... (ринг-аннонсер: "Ха-ха. Флойд Мейвезермен"). Иә, Флойд Мейвезермен. Мұны айтқанымды қаламайтын шығарсыздар деп ойлап едім (күледі). Мен таңғалып тұрмын", – деді Пакьяо.

    Мейвезер мен Пакьяо 2015 жылы Лас-Вегаста жекпе-жек өткізген еді. Бұл кездесуде Мейвезер жеңген болатын.

    Еске салайық, екі боксшы да спорттық мансабын аяқтаған. Флойд Мейвезер 2017 жылы ММА шебері Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін мансабын аяқтау туралы шешім шығарды.

    Ал Мэнни Пакьяо 2021 жылы бокстан кетті. Ол соңғы жекпе-жегінде Йорденис Угастан жеңіліп қалды.

    Мэнни Пакьяо әйгілі боксшы Флойд Мейвезермен екінші рет кездесетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.