Аса ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик британиялық спортшы Тайсон Фьюримен болатын жекпе-жегіне дайындық барысын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Александр Усиктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Александр Усик WBC белбеуінің иегері британиялық Тайсон Фьюриге қарсы жекпе-жекке белсенді дайындалып жатыр.
Усик екі гір тасын көтеріп жатқан видеосын Instagram-дағы ресми парақшасына жүктеді.
"Көбелек сияқты қалықтасаң да, ауыр жаттығу жасау керек", – деп пікір қалдырды жеңілмеген боксшы.
Айта кетейік, аса ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшылар Александр Усик пен Тайсон Фьюридің жекпе-жегі 17 ақпан күні Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2054589-aleksandr-usik-britaniyalyq-bokssy-taison-fyurige-qarsy-zekpe-zekke-daiyndyq-barysyn-korsetti/