jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Усик британиялық боксшы Тайсон Фьюриге қарсы жекпе-жекке дайындық барысын көрсетті

    Тайсон Фьюри мен Александр Усик (солдан оңға қарай)
    Тайсон Фьюри мен Александр Усик (солдан оңға қарай). Фото: Alex Pantling/Getty Images

    Аса ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик британиялық спортшы Тайсон Фьюримен болатын жекпе-жегіне дайындық барысын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Александр Усиктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Александр Усик WBC белбеуінің иегері британиялық Тайсон Фьюриге қарсы жекпе-жекке белсенді дайындалып жатыр.

    Усик екі гір тасын көтеріп жатқан видеосын Instagram-дағы ресми парақшасына жүктеді.

    "Көбелек сияқты қалықтасаң да, ауыр жаттығу жасау керек", – деп пікір қалдырды жеңілмеген боксшы.

    Айта кетейік, аса ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшылар Александр Усик пен Тайсон Фьюридің жекпе-жегі 17 ақпан күні Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өтеді.

    Александр Усик британиялық боксшы Тайсон Фьюриге қарсы жекпе-жекке дайындық барысын көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.