jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Астанада боксшы Бақтияр Артаевтың құрметіне халықаралық турнир өтеді

    Бақтияр Артаев.
    Бақтияр Артаев. Фото: instagram.com/bakhtiyar_artayev

    Елордада бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев атындағы халықаралық турнир өтпек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "24 KZ" телеарнасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Биыл Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған жасөспірімдер арасындағы бокс турнирі ұйымдастырылады. Ол ресми жарыстар күнтізбесіне енді. Аталмыш бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сияқты көрші мемлекеттерден 300-ге жуық қатысушы жиналады деп жоспарланып отыр.

    Бокс турнирі 2 жас деңгейі бойынша өтеді. Жалпы 14 салмақта жеңімпаздар анықталады. Жүлдеге ие болған спортшыларға қаржылай сыйақы табысталмақ.

    Бақтияр Артаев – 2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері. Сондай-ақ әлем чемпионаттары мен Азия біріншіліктерінде бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінді.

    Астанада боксшы Бақтияр Артаевтың құрметіне халықаралық турнир өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.