Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жекпе-жекті күтемін": Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшыға үндеу жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері, америкалық боксшы Джермалл Чарлоға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

BoxingScene.com порталының X желісіндегі ресми парақшасында Джермалл Чарлоның сұхбатының үзіндісі жарияланған еді.

"Мен ыңғайы келсе Жәнібекпен, Адамспен жұдырықтасамын. Мен ешқашан ешкімнен жалтарған емеспін", деді америкалық боксшы.

Кейін Жәнібек Әлімханұлы бұл жазбаға жауап берді.

"Мен күтіп отырмын", деп жазды ол X желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Джермалл Чарло соңғы рет өткен жылы қарашада жекпе-жекке шықты. Ол Хосе Бенавидесті төрешілердің шешімімен жеңген еді (100-90, 99-91, 98-92).

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке өткен жылы қазан айында шығып, неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді 6-раундта техникалық нокаутпен жеңді. WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2055710-zekpe-zekti-kutemin-zanibek-alimxanuly-amerikalyq-bokssyga-undeu-zasady/

pixel