jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Биыл Қазақстанда 70-тен аса бокс бәсекесі өтеді

    Мейірім Нұрсұлтанов
    Мейірім Нұрсұлтанов. Фото: Bill Tompkins/Getty Images

    Бокстан Азия конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін жарыстар туралы жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия конфедерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Азия конфедерациясының хабарлауынша, Қазақстан бокс федерациясы жақында 70-тен аса жарыстан тұратын ұлттық күнтізбені жариялайды.

    Конфедерацияның мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Турнир қыркүйектің аяғы мен қазан айының басына жоспарланған.  Қазақстандағы басты халықаралық турнир "Елорда кубогі" маусым айында өтеді және Париж-2024 Олимпиадасына дайындық шарасы болуы мүмкін. Түркістан, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Астана, Қостанай, Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Петропавл, Ақтөбе, Павлодар сияқты қалаларда жарыстар өтпек.

    Сондай-ақ, 2024 жылы Сағадат Нұрмағамбетов мемориалы, Вахитовский турнирі, Шоқыр Бөлтекұлы мемориалы, Абдалиев мен Ғалым Жарылғапов мемориалдары ұйымдастырылады. Жастар арасында өтетін жарыстар қатарында Бекзат Саттарханов мемориалы, Жетісу кубогы, Әйтеновтер мемориалы, Серіков мемориалы, Сафин мемориалы мен Хайрутдиновті еске алуға арналған турнир бар. 

    "Жасөспірімдер арасындағы бокс жылы наурыз айында Галиб Джафаров атындағы халықаралық турнирден басталады. Одан кейін Мирошниченконың мемориалдық турнирі, Дилдабековтың жүлделеріне арналған турнир, Серік Сәпиевтің жүлделеріне арналған турнир және Сағынтаевтың жасөспірімдер арасындағы мемориалдық турнирі өтеді. Элиталық ұлттық чемпионаттар, жастар ұлттық чемпионаттары және жасөспірімдер ұлттық чемпионаттары жыл соңына жоспарланған. Оқушы қыздар мен ұлдар арасындағы ұлттық чемпионаттар осы жылдың сәуір айында күн тәртібінде тұр", – деп жазды ASBC ұйымының баспасөз қызметі.

    Биыл Қазақстанда 70-тен аса бокс бәсекесі өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.