jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкиннің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырып жүр

    Әли Ахмедов
    Әли Ахмедов. Фото: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

    Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовты жаттықтырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Джонатан Бэнкстың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әли Ахмедов Instagram желісіндегі Storiеs-ке Джонатон Бэнкспен жаттығып жатқан сәтінен видео жариялады.

    Айта кетейік, Әли Ахмедов – Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясының құрамындағы боксшы.

    Джонатан Бэнкстың Instagram Stories-інен cкриншот
    Джонатан Бэнкстың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/stories/johnathon_banks/

    Еске салайық, Головкин 2019 жылы жаңа бапкері Джонатан Бэнксті таныстырған еді. 41 жастағы бапкер 2004-2014 жылдары кәсіпқой бокспен айналысқан. Ол мансабында 29 рет жеңіске жетіп, 3 рет ұтылған және бір жекпе-жегі тең аяқталған.

    Әли Ахмедов соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылы 17 қыркүйекте шығып, америкалық боксшы Габриэль Розадоны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Сөйтіп IBF NABO және WBC Silver титулдарына ие болды. Әли 2023 жылы 14 желтоқсанда Коста-Месадағы (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында рингке оралмақ еді, бірақ жекпе-жек болмады.

    Геннадий Головкиннің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырып жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.