jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Константин Цзю боксқа келуіне себепкер болған қазақстандық боксшының есімін айтты

    Константин Цзю
    Константин Цзю. Фото: instagram.com/kostyatszyu

    Ресейлік атақты спортшы Константин Цзю боксқа келуіне себепкер болған қазақты атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tofigt.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Константиннің анасы қазақстандық боксшы Серік Қонақбаевтың жекпе-жектерін теледидардан көріп, ұлын боксқа беруді шешкен екен.

    "Ата-анамның мені боксқа беруіне себеп болған адамды атайын. Ол – Серік Қонақбаев. Серік –біздің қазақстандық боксшы. Анам сол кісіге қарап, менің былғары қолғап шебері болғанымды қалады", – деді Константин Цзю.

    Серік Қонақбаев – КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері, Мәскеуде өткен 22-Олимпиада ойындарының күміс медаль иегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Ол 1981 жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақты иеленген.

    Ал Костя Цзю – әйгілі ресейлік және аустралиялық боксшы, әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы (WBC/WBA/IBF нұсқалары бойынша), бокстан беделді чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1991).

    Константин Цзю боксқа келуіне себепкер болған қазақстандық боксшының есімін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.